Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Гимназия оқушысы "Елбасы медалi" жобасының Қола медаліне ие болды
05-03-2021 15:07
Гимназия оқушысы

10-сынып оқушысы Жәнібек Жансая "Елбасы медалi" жобасының Қола медалін иеленді. "Елбасы медалі" ерекшелік белгісі 14 жастан 29 жасқа дейінгі балалар мен жастарға патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін беріледі. Жәнібек Жансая  гимназияда 1-сыныптан оқиды. Ол Алматы қаласында өткен ІІ Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауында Алғыс хатпен, Нұр-Сұлтан қаласының «ҚР тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» өткізген «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты семинар-тренингке қатысып, «Әлеуметтік желідегі ең үздік жарияланым» байқауының жеңімпазы ретінде мадақтамамен марапатталған оқушы. Бірнеше рет облыстық Мұқағали оқуларының жүлдегері. Жансая Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары арасында "Жас дарын" мамандандырылған мектебінің ұйымдастыруымен өткен "Zhas daryn cup I" облыстық онлайн пікірсайыс турнирына қатысып жүлделі ІІІ орын иеленді; "Ұшқыр ой алаңы"оқушылардың дебаттық турнирының облыстық кезеңінде жүлделі ІІ орынды иеленіп, республикалық кезеңінде белсенді өнер көрсетті. Биылғы оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық олимпиадада оза шауып, республикалық кезеңге жолдама алды.
Мектеп әкімшілігі облыс әкімі - @skakov_abylkair тапсырмасын орындау және дарынды оқушыларды қолдау мақсатында Жансаяға 50 мың теңге сыйақы тағайындады.
Болашағыңның жарқын күндерiнiң есiгi сен үшін айқара ашық, мақсатың айқын, әр қадамың нық болсын, Жансая! Елдің, қоғамның дамуына әсер ететін мықты тұлға болып қалыптасқын! Мерейiң үстем, абыройың асқақ болсын!