ҰБТ-ге дайындық кезінде ата-аналар ескеретін жағдайлар
2021 жылдың 22 сәуір күні 11-сынып оқушыларының ата-аналарына "ҰБТ-ге дайындық кезінде ата-аналар ескеретін жағдайлар" деген тақырыпта ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында 11-сынып ата-аналарына жасөспірімнің тестілеу кезінде ата-аналардың мінез-құлықтарына арналған негізгі психологиялық кеңестер берілді. Бала өміріндегі жауапты кезеңде ата-аналардың қолдауы,дұрыс-ақыл-кеңесі,олардың жауапкершілігі ең маңызды екендігі,сонымен қатар бала денсаулығы мен өмірі ең үлкен құндылық екендігі айтылды. Ата-аналар жиналысын өткізген гимназия психологы Н.Т. Шаймарданова