Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
«Болашақ – өз қолыңда» облыстық жобалар конкурсы
16-05-2021 16:19
«Болашақ – өз қолыңда» облыстық жобалар конкурсы

Павлодар облысы білім беру басқармасының бастамасымен оқушыларды ғылым мен техниканың әртүрлі саласындағы зерттеу, өнертапқыштық қызметіне тарту, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды тәрбиелеу, талантты балалардың шығармашылығына жағдай жасау мақсатында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылғы 12 мамырда жалпы және мамандандырылған білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары арасында «Болашақ – өз қолыңда» облыстық жобалар конкурсын өткізді. 

Экология саласындағы жобалар бағытында«Тастама материалдарды қайта пайдалану» тақырыбында гимназияның 9-сынып оқушысыЕралиева Рауан өз жобасында тастама пластик ыдыстардан гүл өсіретін құмыра, киім салатын себет, қобдиша, жеміс сауыты сияқты тұрмысқа қажетті қолөнер бұйымдар жасауды көрсетті. Конкурс қорытындысы бойынша «Экология саласындағы жобалар» бағытында Рауан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.Сонымен қатар,  «Жылу/электр және баламалы энергетика саласындағы жобалар» бағытында ІІІ дәрежелі дипломды гимназиясының 8- сынып оқушысы Токтамысов Олжас иеленді.