ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік жетістігі" республикалық сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сынып сағатының қадірлі қонағы Ақсу қаласының құрметті азаматы, ҚР журналистері Одағының мүшесі, ардагер ұстаз Светлана Қабидоллақызы Қондыкерова. Светлана апай оқушылармен Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерге ерекше тоқтала отырып, Ақсу қаласы атауының өзгеруі, "Ермак" ескерткішінің алыну тарихымен бөлісті. Өзінің қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысуының, "Қазақ тілі" қоғамы мен" Азат" қозғалысының бірігіп әрекет етуі нәтижесінде қаламызда дербес қазақ газетінің, қазақ радиосының ашылу тарихын зор мақтанышпен жеткізді."Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан тусын"- деп айтқандай, Светлана Қондыкерова шынымен де "Ақсудың батыр қызы" деген атқа лайықты тұлға. Кездесу соңында қонағымызға білім ордамыздың мұражайы таныстырылды.
"Тәуелсіздік жетістігі" республикалы сынып сағаттары