Мектептегі жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту
Гимназияда 2021 жылдың 25 қыркүйек күні 8 сынып оқушыларының ата-аналарымен "Мектептегі жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез-құлқының алдын алу бағдарламасы" тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыста ата-аналарға жасөспірімдік шақтың ерекшеліктері, психикалық денсаулықтың маңызы, бала өміріндегі ата-ананың ролі, сонымен қатар жоғарыда аталған бағдарлама аясында 8 сынып оқушыларымен ұйымдастырылатын іс-шаралар жөнінде хабардар етілді. Ата-аналардың сауалдарына жауап беріп, кеңестер айтылды. Республикалық, облыстық дағдарыс орталықтарының, психологтың, гимназияның сенім телефондары ұсынылды. Ата-аналар жиналысын өткізген гимназия психологы Шаймарданова Н.Т.