«Жас полиглот» атты интеллектуалды сайыс
Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесіне орай 6 сынып оқушыларымен «Жас полиглот» атты интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайыстың барысында үш тілді қамтып, қойылған сұрақтарға толық және нақты жауап бере отырып, оқушылар өздерінің белсенділіктерін танытты. Сонымен қатар, шапшаңдық пен ой-өрісімізді дамыту мақсатында тілге байланысты жұмбақтар, мақал-мәтелдер, логикалық сұрақтар арқылы өткізілген ойындар оқушылардың қызығушылығын тудырды. Сайысты ұйымдастырған орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ибрайкина Қарлығаш Мухтаровна.