"Менің кіші Отаным" IV облыстық конкурсының жүлдегері
Туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру мақсатында "Менің кіші Отаным" жас тарихшылар IV республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі 11 қазанында онлайн режимінде өткізілді. "Менің туған өлкем" (эссе жазу) номинациясы бойынша Каиржанова Аида ІІІ орынға ие болды. Жүлдегер оқушы мен пән мұғалімі Мұратбек Мұтанұлын шын жүректен құттықтаймыз!