Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
XІ облыстық Мағжан оқулары конкурсының жүлдегері
22-10-2021 17:10
XІ облыстық Мағжан оқулары конкурсының жүлдегері

2021 жылғы 15 қазанда Мағжан Жұмабаев рухани мұрасын жете меңгерген оқушылар арасында XІ облыстық Мағжан оқулары конкурсы ZOOM платформасында онлайн режимде өткізілді. Жас дарындар ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, өз туындыларын ұсынып, жас зерттеушілер ақын шығармашылығына арналған ғылыми жобаларын қорғады. Шара қорытындысы бойынша «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» (мәнерлеп жатқа оқу) бағытында Каиржанова Аида 2-орын, «Толқынмен толқын сырласып...» (ақын өмірі мен шығармашылығы бойынша зерттеу жұмыс) бағыттарында Казтай Айшат 2-орын, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» (жас ақындар) бағытында – Асанбай Жадыра 3-орынға ие болды. Оқушыларды және олардың ұстаздарын Ақмарал Еркеновнаны, Райгүль Токановнаны, Бахыт Жумабаевнаны құттықтаймыз!