"Кел, балалар, оқылық..." атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы
Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай 2-4 сынып оқушылар арасында "Кел, балалар, оқылық..." атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Жазушының мазмұны мәнді, тәрбиелік мәні бар өлеңдерін жаттап үлкен дайындықпен келген оқушылардың өнерін қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері бағалап жеңімпаздарды анықтады. Барлық қатысушыларға алғыс хат табысталды. Ыбырай Алтынсариннің қай шығармасы болса да, баланың тіл мәдениетін көркейтуге, дамытуға әсері мол, балалар сүйіп, ынтыға оқиды. Өзі өшсе де сөзі өшпейді дегендей біз үшін жазушының еңбектері мәңгі өшпейді.