18 қараша күні мектеп психологы және тәрбие жөніндегі директор орынбасарының ұйымдастыруымен 7 сынып ата-аналарына «Жасөспірімдік шақ және ізгілік педагогикасы» атты семинар өткізілді. Семинарда жасөспірімдік шақтағы баланың психологиялық, физиологиялық дамуындағы өзгерістер, осы жастағы баламен қарым-қатынас ерекшеліктері туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар, ата-аналарға ізгілік педагогикасының негізін қалаушылар, бала тәрбиесінде ізгілік педагогикасының принциптері мен қағидаларын қолдану тиімділігі жөнінде сөз қозғалды. Ата-аналармен практикалық жұмыстар ұйымдастырылып, отбасындағы қарым-қатынасты жақсартудың жолдары бойынша жадынамалар таратылды. Кездесу соңында ата-аналар психолог маманға сауалдар қойып, жасөспірімдермен қарым-қатынастағы мәселелерімен бөлісті.
«Жасөспірімдік шақ және ізгілік педагогикасы» атты семинар