Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында жоғары сынып оқушылары "Қағандық" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанғазы Еркеғали ағамен кездесті. Кездесу ТЕДх конференциясы бағытында "Ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеудегі Ұлы тұлғалар өнегесі" тақырыбында ұйымдастырылды. «ҚАҒАНДЫҚ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанғазы Еркеғали аға болашақ ұрпақтың қоғамдық санасын қалыптастыру, ұлттық құндылықтардың маңызы, ер балалардың намысы мен жауапкершілігі туралы құнды пікірлерімен, тұшымды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар биылғы жылғы мерейгер тұлғалар Ә.Бөкейханов, Ы.Алтынсарин, Алаш қайраткерлерінің өнегелі өмірі мен болашақ ұрпақ үшін, ел тәуелсіздігі үшін жасаған еңбектері туралы баяндады. Кездесу оқушылардың ұлттық, қоғамдық санасын жаңғыртуға үлкен әсер етіп, өмірлік бағытын айқындауда ұлы тұлғалардан өнеге алуға ықпал етті.
Ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеудегі Ұлы тұлғалар өнегесі