Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
STEM-жаттықтырушыларды оқыту және даярлау бойынша іріктеу туры
10-12-2021 21:05
STEM-жаттықтырушыларды оқыту және даярлау бойынша іріктеу туры

Гимназияның физика және информатика пәнінің мұғалімі Бибігүл Васильевна Атик STEM-жаттықтырушыларды оқыту және даярлау бойынша "Jana Talap" жобасына іріктеу турынан өтті. STEM-жаттықтырушыларды даярлау жөніндегі бұл халықаралық сертификаттау БАҒДАРЛАМАСЫ Қазақстан Республикасының Білім Министрлігінің қолдауымен CARAVAN OF KNOWLEDGE ұйымы әзірленген және оны өткізу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен мұғалімдер 100-ден аса адам 3 турдан (түйіндеме, тестілеу және питчинг) өтті. Іріктеуден өткен мұғалімдер (40 адам) 2021 жылғы наурыздан желтоқсанға дейін 9 ай ішінде оқытудан өтіп, өз мектептерінде тәжірибеден өткізуде. Өткізілген курста STEM компоненттерін оқу процесіне біріктіру үшін оқу мен оқытуға көзқарас қалыптастырылды, STEM білімін енгізудің практикалық құралдары берілді. Сондай-ақ, Таиланд, АҚШ және Ұлыбританиядан келген жоба серіктестерінің табысты бағдарламаларымен таныстырылды. Кейіннен өздерінің авторлық бағдарламаларын әзірлеу үшін "Caravan of Knowledge" командасынан әдістемелік көмек алатын болады.

Қазіргі уақытта мұғалім барлық теориялық курстан өтіп, қыркүйек-желтоқсан айларында гимназияда практикалық курс өткізуде, яғни 8-сыныпта физика сабақтары STEM-технологиялар, атап айтқанда, 5 E, инженерлік дизайн және проблемаға бағытталған оқыты бойынша сабақтар жүргізіледі. Сондай-ақ, сабақтарда рефлексивті серіктестер қатысып, олар осы әдістемелік бірлестіктің мұғалімдері(физика, химия, биология, информатика) сабақты бақылайды, мұғалімнің тәжірибесін талқылайды және қабылдайды. Сонымен қатар, бұл әріптесіміз өз пәні бойынша STEM-білім беруді одан әрі енгізу үшін PLC қауымдастығын құрып және алдағы уақытта гимназия мен аймақта семинар, вебинарлар өткізетін болады.