"Сабақты зерттеу тәсілінің көмегімен мұғалімнің кәсіби тұрғыдан дамуы" тақырыбында коучинг
2 наурыз күні бастауыш сынып мұғалімдері М.С.Елубаева мен М.Ж.Жаксыбекова Май ауданының бастауыш сынып мұғалімдеріне және оқу ісінің меңгерушілеріне "Сабақты зерттеу тәсілінің көмегімен мұғалімнің кәсіби тұрғыдан дамуы" тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг барысында бірлесе зерттеу сабағының жоспарын құру,пікірталас, тест орындау әрекеттері орындалды. Зерттеу сабағын өткізуге байланысты туындаған сұрақтарға директордың ғылым жөніндегі орынбасары К.М.Аккентаева жауап беріп, тәжірибемен бөлісті. 4-сыныптарда өткізілетін ББЖМ бойынша бастауыш сынып мұғалімі А.Н.Нахметова оқушыларды дайындаудағы өз тәжірибесімен бөлісті.