11-сыныптың ата-аналарымен мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті
31.03 күні 11-сыныптың ата-аналарымен мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында сынып жетекші Абылгазина Э.Т. 3-тоқсанның қорытындысы және оқушылардың ҰБТ-ға дайындығы туралы сөз сөйледі, директордың оқу ісінің орынбасары Джамалбаева С.С. қорытынды мемлекеттік емтихан және ҰБТ формасы, өткізу ретімен таныстырды, мектеп психологы Шаймарданова Н.Т. ҰБТ-ге дайындық кезінде ата-аналар ескеретін жағдайлар туралы айтып, моральдық қолдаудың түрлері жөнінде кеңес берді, ҰБТ-ға дайындық жөнінде пән мұғалімдерінің есебі тыңдалды.