Гимназияның оқушысы ППУ-нің грант иегері атанды
Павлодар педагогикалық университетінде 2022 жылғы 7 сәуірде он алты жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың облыстық турының нәтижелері бойынша ректордың гранттарын тапсыру рәсімі өтті. Гимназиямыздың 11-сынып оқушысы Шакбекова Даяна ППУ-нің грантына ие болды. Даяна - ағылшын тілі пәнінен облыстық, республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы. Дарынды окушыларды қолдап жатқан педагогикалық университеті басқарма төрағасы-ректоры Жанбол мырзаға гимназия ұжымы алғыс білдіреді. Даянаны білім додаларына дайындаған ағылшын тілі мұғалімі Нургалиева Салтанат Еркиновна. Талантты және дарынды оқушыларымыз көп болсын.