Гимназиямызда Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні қарсаңында дәстүрлі «Сәтбаев апталығы» өтті. Апталық аясында танымдық, зияткерлік, ғылыи және спорттық бағыттағы шаралар ұйымдастырылды. 5-7 сыныптар арасында «ХХІ ғасыр эрудиттері» танымдық ойыны ұйымдастырылды. Балаларға ойын алдында Қ. Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жолы, халқына қалдырған мұрасы туралы фильмдер көрсетілді. Ойын бірнеше турдан тұрды. Оқушылар ғалымның өмірі мен еңбек жолына, алған білімі, балалық шағы туралы, сонымен қатар пәндік қызықты сауалдарға жауап берді. Нәтижесінде 6️-сынып тобы жеңіске жетті. Ұйымдастырған география пәні мұғалімі А. Альдекенова.
Қ. Сәтбаев аптадығы аясында 5 сыныптар арасында «Сәтбаев ізбасарлары» танымдық ойыны ұйымдастырылып, 5«а» сынып оқушылары жеңіске жетті.
Қ. Сәтбаев апталығы жоспарына сәйкес жас мамандар, 8-10 сынып оқушыларынан тұратын командалар «Алғыр алтау» танымдық ойынында сайысып, түрлі бағытта өз білімдерін ортаға салды. Ойын қорытындысында жас маман Аида Жанарбекқызының командасы жекіске жетті.