Апталықтың соңғы шарасы Не? Қайда? Қашан? интеллектуалдық ойыны болды. 8-11 сыныптардан жинақталған "Білгірлер" командасы көрермендермен тартысқа түсті. Бейне және аудио, карточкамен және ауызша сұрақтар 11 сынып оқушылары Садыбеков Ж. және Бейсебаева Д., 10 сыныптан Сатыбалды Т, 8 ә сыныптан Успанов М., 7 а сыныптан Әділбек Б., ардагер ұстаз Давлятчина Салима Васильевна, гимназия түлегі Елемесова Т., Ақсу қаласы өртсөндіру бөлімінің қызметкері Зейнулла Ерғали және гимназияның ағылшын тілі мұғалімі Қонақбаев Ермек Маратұлынан болды. Ойын нәтижесінде көрермендер жеңіске жетті. Ойынға қатысушы "Білгірлер" мен сұрақ дайындаған барша көрерменге алғыс білдіреміз. Шара соңында апталық шеңберінде ашылуына белсенді қатысқан 10 сынып, Химиялық марафонда жеңіске жеткен 7 ә сыныбы және Әл-Фараби үштілділік олимпиадасының жүлдегерлері марапатталды.
"Не? Қайда? Қашан?" интеллектуалдық ойыны