Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
«Интербелсенді әдістер - тілдік құзіреттілікті арттыру құралы» облыстық семинар
02-03-2022 11:26
«Интербелсенді әдістер - тілдік құзіреттілікті арттыру құралы» облыстық семинар

22-ақпан 2022 жылыПавлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығының қолдауымен  «Интербелсенді әдістер- тілдік құзіреттілікті арттыру құралы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Үштілділікті жүзеге асыру аясында мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі - оның жан-жақты білімділігімен, кәсіби шеберлігімен, оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін менгеруімен, тілдік деңгейімен өлшенеді.

Осындай  әдістемелік дайындықтың жоғары деңгейіне ие, шығармашылықпен жұмыс істейтінгимназияның ұстаздары өз тәжірибесімен бөлісті.

 «Оқушылардың физика сабағындағы ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын   дамыту жолдары» тақырыбында    Кабылбекова А. С. – физика пәні мұғалімі, педагог- шебер,  «Үздік- педагог - 2014»  иегері, физика пәнін ағылшын тілінде оқытудағы тәжірибесі Республика деңгейінде таратылған ұстаз  және   Атик Б.В. – физика пәні мұғалімі , педагог-зерттеуші, STEM  тренері  Халықаралық    сертификат иегері  «Үш тілді оқыту» бағдарламасын жүзеге асыру барысында физика пәнін ағылшын тілінде оқытуда, оқушының ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда қолданатын әдістемелік құралдармен, әдіс- тәсілдермен бөлісті.

 «Информатика пәнін ағылшын тілінде оқытудағы әдіс- тәсілдер.» бойынша өз іс – тәжірибесімен бөліскен.  Абылгазина Э.Т. – информатика мұғалімі, педагог-зерттеуші,   «Жыл мұғалімі-2021» байқауының І орын  иегері әріптестерімен сабақта қолданатын  «Төңкерілген сынып»  технологиясымен және Wizer.me көмегімен кері байланыс жасау,«Informatics» 7-сыныпқа арналған  мультимедиа қосымшасын жасау т.б. әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Аталмыш әдістемелік құралдар мен әдіс-тәсілдерді  қолдана отырып ағылшын тілінде оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейтеді, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады.