Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
«Үштілде білім алу және STEM-әдістері» тақырыбында практикалық семинар
22-04-2022 12:52
«Үштілде білім алу және STEM-әдістері» тақырыбында практикалық семинар

2019 жылдың 11 қыркүйектегі «Өзара қимыл  және кәсіби қолдау туралы» білім басқармасының №2-02/409 бұйрығы негізінде мектебімізде Май ауданы білім беру бөлімімен бірге өзара әрекеттесті және кәсіби қолдау жоспары жасалды.

Бірлескен қызметтің мақсаты жаңартылған орта білім мазмұнын енгізу жағдайында білім сапасын арттыру бойынша міндеттерді кешенді шешу.   

Аталған мақсатты іске асыру бойынша өзара ынтымақтастықты орната отырып,  гимназия ұстаздары жаңа    идеялармен, тәжірибелерімен   алмасу  арқылы  Май ауданы мұғалімдерінің  кәсіби  дағдыларын  дамытуға  өз  үлестерін    қосып  келеді.  

21-сәуір  2022 жылы Май ауданы мен Ақсу ауданы мектептерінде жаратылыстану мен математика бағытындағы пәндерді үш тілде оқытатын ұстаздарға «Үштілде білім алу және STEM-әдістері» тақырыбында семинар практикум  өткізілді. Семинарға Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Нұргүл Хумарбекқызы қатысты. 

Үштілділікті жүзеге асыру барысында әдістемелік дайындықтың жоғары деңгейіне ие, шығармашылықпен жұмыс істейтін «Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған гимназиясы» КММ физика пәні мұғалімдері Қабылбекова А.С., Атик Б.В., информатика мұғалімі Абылгазина Э.Т. ашық сабақтар мен шебер сынып өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.  «STEM-ғылыми-техникалық білім негізі»  тақырыбында көрме ұйымдастырылды.  Гимназия директорының ғылым жөніндегі орынбасары Аккентаева К.М. ұстаздардың кәсіби өсу көрсеткіштері мен осы бағытта атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып өтті. Гимназияда үш тілде оқыту бағытындағы іс- шаралардың ішіндегі ұлы адамдарға арналған әдеби кештерді үш тілде өткізу дәстүрге айналған. Семинарда ұлы ұстаз А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ұлтымыздың  ұлы ұстазы»  атты әдеби кеш өткізілді.

Семинар соңында пікіралмасу өткізіліп, осы бағытта мұғалімдер өз сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салып, қажетті құнды мәліметтер алып, ары қарай да бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлады.