Оқу жылының басталуымен қатар Ақсу қаласы полициясы,тергеу бөлімінің бас тергеушісі Байболат Кәкім, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, құқықтарды қорғауға бағытталған заңнамадағы негізгі өзгерістер, қылмыстық жауапкершіліктің басталу жасы, есірткі құралдарын тұтынудың денсаулыққа зиянды әсері туралы, сондай-ақ қылмыстың құрбанына айналмау және өз құқықтарын қорғауға қайда жүгінуге болатыны туралы дәріс оқыды. Ішкі істер министрлігі Интернет желісінде орналастырылатын құқыққа қарсы ақпаратты анықтау және тексеру бойынша ақпараттық кеңістікке тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.
Сондай-ақ, жасөспірімдерді суицидке итермелейтін немесе осындай қауіпті ойындарға қатысатын адамдар немесе интернет-сайттар туралы полицияға дереу хабарлап, осылайша өз құрдастарының өмірін сақтап қалу мүмкіндігі бар екені ескертілді. Мұндай әрекеттер үшін қатал қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
ҚР ҚК 15-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылу жасы 16 жастан, алайда жекелеген ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін 14 жастан басталады.
Жасалған құқық бұзушылықтар қылмыстық жауапкершілікке тарту салдары туралы білмейтін жасөспірімнің өмірін түбегейлі өзгертіп, оның алдағы ересек мансабына теріс әсер ететіндіктен, заң талаптарын сақтауға және басқаларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасамауға кеңес берілді.
Полиция қызметкерімен кездесу