Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Солтүстік Америка. Жұмыс дәптері 7 сынып
31-05-2013 11:32

Алғы  сөз

        Орта  мектептің  7 - сыныбында  оқытылатын «Солтүстік Америка географиясы»  пәні  бойынша  жазылған  бұл  жұмыс дәптері  жалпы  білім  беретін  орта  мектеп, гимназия, лицей  оқушыларының  географиядан  алған  білім, білік дағдыларын  тексеруге  және  толықтыруға  арналған.

        Мектепте  география  пәні   мұғалімдері үшін  де  көмекші  әдістемелік  құрал  ретінде  пайдалануға  ұсынылады.

 Осы жұмыс дәптері   «Солтүстік Америка географиясы»  бойынша   жаңа  тақырыпты  меңгеру,  пысықтау, қайталау бойынша  білімдерін   бекіту барысында     өте  тиімді құрал болып табылады.

     Үш деңгейлік тестік тапсырмалар мен  проблемалық және шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар оқулықтағы  барлық  тақырыптарды, тарауларды, бөлімдерді  қамтыған.  Оқушылардың  білімдерін  байқау, бекіту  мақсатында дәптерге  түрлі  кестелер, кескін карталар енгізілген.   Олар  сынып жұмысын,  үй тапсырмасын орындауы  мен    оқушылардың  өздігінен білімдерін тексеруіне мүмкіндік береді.    

    Еңбекте берілген материалдарды мазмұнына қарай  7- сынып оқушыларына пайдалануына маңызы зор.

Солтүстік Америка материгі бойынша

Нені білу керек:

-   Материктің физикалық-географиялық орнын, оның материк табиғатына әсерін;

-   Флорида түбегінің, Мексика және Гудзон шығанағының, Үлкен Антиль аралдарының, Кариб теңізінің, Канада Арктикалық архипелагының картадағы орнын;

-   Материктің жер бедерінің негізгі белгілерін, Кордильер және Аппалачи тау жүйелерінің, Ұлы жазықтың, Миссисипи ойпатының, Орисаба вулканының картадағы орнын;

-   Климатының ерекшеліктерін, оның қалыптасуында төсеніш бетінің рөлін;

-   Макензи, Миссисипи, Миссури өзендерінің, Виннипег, Үлкен тұзды, Ұлы көлдердің картадағы орнын;

-   Табиғат зоналарының орналасуының өзіндік ерекшеліктерін, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, адамның табиғатты өзгерту мысалдарын;

-   Негізгі халыктарын, халықтың құрылымы мен аумақтар арасында таралуын;

-   Ірі елдердің картадағы орнын және маңызды табиғат обьектілерін;

Нені істей алу керек:

-   Оқу мақсатына байланысты қажетті мазмұндағы карталарды таңдап алуға және оларды талдау негізінде, басқада географиялық ақпараттар негізінде табиғат компоненттерімен табиғат кешендерінің басты белгілерін анықтай алуы;

-   Карта және басқа білім көздері бойынша жер бедерінің ерекшеліктерін анықтай алуы;

-   Материк аумағының бір климаттық белдеуде жатқан климатын салыстыра білуі, олардың себептерін түсіндіре алуы;

-   Әр түрлі мазымұндағы карталарды пайдаланып жекелеген елдердің сипаттамасын жасай алуы;

-   Бағдарламада аталған географиялық обьектілерді картадан көрсете алуы, сонымен қатар елдер мен олардың астаналарын көрсете алуы тиіс.