“Денсаулық - зор байлық” Денсаулық күні
“Денсаулық - зор байлық” ұстанымы бойынша Денсаулық күні ұйымдастырылды. Оқушылар күнді таңғы жаттығумен бастап,түрлі спорттық сайыстармен жалғастырды.
3-4 сыныптарда “Көңілді сөре”;
5-7 сыныптарда футбол, пионербол, флорбол;
8-11 сыныптарда баскетбол, теннис, волейбол, нысанаға оқ ату, белтемірде тартылу сайыстары өтті. Жеңімпаз сыныптар,жеке көрсеткіштер бойынша жеңімпаздар дипломмен марапатталды.