Республика күніне орай қалалық дебат турнирі өтті
2022 жылғы 19 қазанда білім беру бөлімі гимназиямен бірлесіп, Республика күніне орай қалалық дебат турнирін өткізді.Турнир американдық парламенттік форматта өтті.
Турнирге барлығы 4 команда қатысты.Оқушылар қызықты да тартысты ойын көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша орындар төмендегідей шешілді:
1 орын №1 қазақ орта мектебінің "Жас дебат" командасы;
2 орын Дарынды балаларға арналған гимназияның "Интеллект" командасы;
3 орын №2 жалпы орта білім беру мектебінің "Парасат" командасы мен Дарынды балаларға арналған гимназияның "Болашақ" командасы.
№1 қазақ орта мектебінің оқушысы Сальменова Дариға "Үздік спикер" номинациясымен марапатталды.