Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы 2019 жылдан өзара әрекеттестік және кәсіби қолдау жоспары негізінде Май ауданының білім беру бөлімімен бірлесіп бірнеше бағыттарда жұмыс жасауда. Соның бірі - ҰБТ-ға дайындық.
ҰБТ - жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды аттестаттауының бір түрі. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Осы мақсатта Май ауданының ұстаздарына, оқушыларына ҰБТ дайындық бойынша онлайн-консультациялар ZOOM арқылы жыл бойы жүргізіледі.
Өткен оқу жылы «ҰБТ кездесетін есептер» тақырыбында математикадан, физика пәндерінен семинарлар өткізіліп, есептерді шығару тәсілдерімен, жолдарымен таныстырып, осы бағытта мұғалімдердің сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты. Ағымдағы оқу жылы «ҰБТ-ға қалай дайындалу керек?» тақырыбында Жалтыр ОМ-де Май ауданының 11 сынып оқушыларымен гимназия мұғалімдері Оразова Г.М., Кабылбекова А.С., Муканова Б.К., Мутан М. дәріс өткізді.
Қандай да бір жұмыстың нәтижелі болуы – ең алдымен дұрыс жоспарлаудан басталатыны белгілі. Сондықтан ҰБТ-ға сапалы, жүйелі бірлесіп жүргізілген дайындық барысында Май ауданының мектептері ҰБТ көрсеткіші бойынша 3 жыл қатарынан аудандар арасында көш бастап тұр.
Алдағы уақытта әдістемелік қолдауға байланысты бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады.
«ҰБТ-ға қалай дайындалу керек?» тақырыбында дәріс