"Тәуелсіздік ұланы" төс белгісінің иегерлері
Гимназия оқушылары "Тәуелсіздік ұланы" төс белгісімен марапатталды: Сайыпова Әсем, Малибекова Дильназ 11-сынып оқушылары, Олжабаева Аяла 10-сынып оқушысы. Айта кетсек, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына Павлодар облысының әкімдігі алғаш рет төс белгісі және 50 АЕК көлеміндегі бір реттік ақшалай сыйлығын тағайындаған.
Окушылардың облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардан соңғы үш жылда жеткен жетістіктері сарапқа салынып, биыл 100 оқушы сыйлық иегері атанды.
Гимназия оқушылары үздіктер қатарынан көрінді.
Білім додаларына, шығармашылық конкурстарға дайындаған гимназия ұстаздарын және жүлдегерлерді құттықтаймыз.