Ата-аналарға арналған Ашық есік күні
17-18 қазан күндері ата-аналарға Ашық есік күні ұйымдастырылды. Ата-аналар әр пән мұғалімімен жеке кездесіп, баласының оқу үлгерімі, пән мазмұнын меңгеруі туралы нақты ақпарат алып, өздерін толғандыратын сауалдарға жауап алды. Бұндай кездесулер отбасы мен мектептің ынтымақты әрекет етуіне жақсы ықпал етері сөзсіз. Алдағы уақытта мұндай форматта кездесулер өткізу дәстүрге енеді.