7 қараша күні гимназияда «Үш тілде білім беру – бүгінгі білім беру жүйесінің басым бағыты» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Үш тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Гимназияда ЖМЦ пәндері физика, биология, информатика пәндері толық ағылшын тілінде, химия тілі ішінара өткізілуде.
Үш тілде оқыту бағдармасын іске асыру барысында оны тиімді жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдерін, тың жолдарын іздестіріп қарастыруымыз керек. Осы мақсатта пед. кеңесте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Джамалбаева С.С. «Жаратылыстану- математикалық цикл пәндерді ағылшын тілінде оқыту -заман талабы» тақырыбында баяндама жасап гимназияда осы бағытта атқарылып жатқан іс- шараларға тоқталып, сабақта қолданылатын СLIL технологиясы, жұмыс түрлері жөнінде мәлімет берді. Физика пәні мұғалімі Қабылбекова А.С., информатика мұғалімі Абылгазина Э.Т. іс-тәжірибелерімен бөлісіп, физика мұғалімі Атик Б.В. үш тілде оқытуда STEM технологиясының тиімділігін және 5 Е, PBL (проблемаға бағытталаған оқыту), инженерлік дизайн әдістерімен таныстырып, ұстаздармен практикалық жұмыстар өткізді.
Үш тілде білім беру – бүгінгі білім беру жүйесінің басым бағыты