Тұмаудың алдын алу
Оқушылардың СӨС-ке дұрыс көзқарасын қалыптастыру мақсатында Ақсу қалалық емханасы, жастар денсаулығы орталығы мамандары жоғары сынып оқушыларымен дәріс сабағын өткізді.
Кездесу барысында “Тұмаудың алдын алу” “ ұлдар мен қыздар достығы”тақырыбында дәріс оқылып, бейне көрсетілді, орталықтың мақсат міндеттерімен таныстырып,психолог маман тренингтер пен танымдық ойындар өткізді. Жасөспірімдерді толғандыратын сауалдарға жауап беріп, жадынамалар таратылды.