14 қараша - Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні
14 қараша - Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні. Осы атаулы күнге орай 6 сынып оқушыларымен “Қант диабеті және балалар” тақырыбында танымдық-ақпараттық шара ұйымдастырылды. Балаларға қант диабеті дерті туралы, оның белгілері мен алдын алу жолдары, сондай-ақ дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жайлы ақпарат айтылды. Оқушылар топтық жұмыста пайдалы әрі зиянды тағамдарды топтап, тақырып бойынша сұрақтарға жауап берді.