Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Шет тілдер апталығы өтті
20-11-2022 18:17
Шет тілдер апталығы өтті

14-18 қараша аралығында Шет тілдер апталығы өтті. Апталық аясында түрлі қызықты шаралар, радиохабарлар, сайыстар, пікірталас жоспарланып, өткізілді.

5 сыныптар арасында “Ертегілер жолымен «QUEST» ойыны ұйымдастырылды.

6-сыныптар арасында орыс тілінде "По следам литературных героев" атты quest өтті.

Оқушылар түрлі орталықтарға маршрут қағазымен жүре отырып, түрлі тапсырмалар орындап, жасырылған сыйларды іздеді.

Шет тілі апталығы аясында орыс тілінен өткен КВЕСТ қорытындысы:

"Сказочными тропами"

І орын-5Б

ІІ орын- 5Ә

ІІІ орын-5А

"По следам литературных героев"

І орын-6Б

ІІ орын -6Ә

ІІІ орын -6А

Барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар таратылды.

Шет тілдер апталығының аясында мектебіміздегі ағылшын тіліндегі дебат үйірмесінің жетекшісі Конакбаев Е.М. ұйымдастыруымен ағылшын тіліндегі дебат клубының “This chamber thinks that future technologies will replace human labor” тақырыбындағы ойыны өткізілді.
Пікір-сайысқа 8ә сыныбының Балтабек Айсулу мен Төлеген Раяна оқушыларынан құралған “Youraptors” фракциясы және 7 сыныптың Серікпай Әлижан мен Айткенова Алуаның “Afterglow” фракциясы қатысты.
Ойынға төрешілік жүргізген 10 сынып оқушылары Абишева Дильназ бен Үндерме Аяжан пікір-сайыстың үздік спикерлерін ерекшелеп, жеңімпаз фракцияны анықтады. Нәтижесінде қатысушылар дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.

9- сыныптар арасында орыс тілінде А.С.Пушкиннің "Капитанская дочка" атты романы бойынша "Литературный ринг" интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайыс жеті раундтан тұрды. Әр раундта оқушылар өздерінің білімдерін дәлелдеп, қызығушылықпен берілген тапсырмаларды орындап отырды. Сайысқа қатысқан "Лидер", "Лирик", "Импровизатор" тобының ішінде тез және тиянақты жауап берген "Лириктер" тобы жеңіске жетіп, дипломмен марапатталды.