Жыл соңында оқушылар марапатталды
2022 жылды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Балалар жылы" деп жариялады.
Гимназиямызда жыл бойы балалардың дамуы мен шығармашылық, танымдық әлеуетін арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастырылды.
Соның бірі - "Оқуға құштар мектеп" республикалық жобасы аясындағы “Кітап оқу көшбасшысы-2022” байқауы, түрлі спорттық, туризм, дебат сайыстары, олимпиада, жобалар, робототехника сайысы.
Жыл соңында гимназия директоры А.Дюсембаев, "жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан балаларды дипломмен, сыйлықтармен марапаттап, барлық шараларды қорытындылады.
Сондай-ақ сыныпты түрлі шараларға белсенді қатыстырып,ұйымдастыра білген сынып жетекшілер де атап өтілді. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз.