Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
“Жаһандық құзіреттіліктер-жеке тұлғаны қалыптастырудағы қажеттілік”
17-01-2023 17:07
“Жаһандық құзіреттіліктер-жеке тұлғаны қалыптастырудағы қажеттілік”

 

Педагогикалық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару ұйымының бірі болып табылады. Сондықтан кеңес жұмысын білім беру ұйымының оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруге бағыттау маңызды. Кезекті педагогикалық кеңес “Жаһандық құзіреттіліктер-жеке тұлғаны қалыптастырудағы қажеттілік” тақырыбына арналды. Жаһандық құзіреттіліктер қазіргі кезде кез-келген даму процесінің қозғаушы күші деуге болады. Г.А.Бакирбекова әсіресе болашақ ұрпақ бойында қажетті құзіреттіліктерді қалыптастырудың маңыздылығына терең тоқталып,күнделікті өмірде түрлі әдістер мен дағдылар арқылы қалыптастыру жолдары туралы ой қозғап, талқылады. Мұғалімдермен түрлі сыни және танымдық,креативті әрі шығармашылық әрекеттер арқылы тапсырмалар орындалды. Психолог Н.Т.Шаймарданова “4К моделін” сыни ойлауды, қарым-қатынас және ынтымақтастықты өлшеу құралы ретінде қарастыра отырып, түрлі тренингтер мен жаттығулар ұйымдастырды.
Қоғам мен адамдардың дамуында ынтымақтаса білу, салауатты қарым-қатынаста әрекет етудің қаншалықты қажет екендігі туралы оң пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
Алдағы уақытта пән мазмұны мен шаралар арқылы оқушылардың жаһандық құзіреттіліктерін қалыптастыру шаралары бекітілді. Педагогикалық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару ұйымының бірі болып табылады. Сондықтан кеңес жұмысын білім беру ұйымының оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруге бағыттау маңызды.

Кезекті педагогикалық кеңес “Жаһандық құзіреттіліктер-жеке тұлғаны қалыптастырудағы қажеттілік” тақырыбына арналды.Жаһандық құзіреттіліктер қазіргі кезде кез-келген даму процесінің қозғаушы күші деуге болады. Г.А.Бакирбекова әсіресе болашақ ұрпақ бойында қажетті құзіреттіліктерді қалыптастырудың маңыздылығына терең тоқталып,күнделікті өмірде түрлі әдістер мен дағдылар арқылы қалыптастыру жолдары туралы ой қозғап, талқылады. Мұғалімдермен түрлі сыни және танымдық,креативті әрі шығармашылық әрекеттер арқылы тапсырмалар орындалды. Психолог Н.Т.Шаймарданова “4К моделін” сыни ойлауды, қарым-қатынас және ынтымақтастықты өлшеу құралы ретінде қарастыра отырып, түрлі тренингтер мен жаттығулар ұйымдастырды.
Қоғам мен адамдардың дамуында ынтымақтаса білу, салауатты қарым-қатынаста әрекет етудің қаншалықты қажет екендігі туралы оң пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
✅Алдағы уақытта пән мазмұны мен шаралар арқылы оқушылардың жаһандық құзіреттіліктерін қалыптастыру шаралары бекітілді.