13 қаңтар күні гимназияда «АКТ-ны пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру жолдары» тақырыбында коучинг өтті. Коучинг мақсаты: педагогикалық іс-әрекетте ақпараттық-комуникациялық технологияның қолдану тәжірибесін көрсету, АКТ қолдануда мұғалімдердің біліктілігін арттыруға жағдай жасау. Коучингта гимназия ұстаздары өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, АКТ құралдарын тиімді қолдану жолдарын ұсынды. Коучинг барысында ағылшын тілі мұғалімі Сыздыкова Мадина Канапьяновна Wordwall.net сервисінің көмегімен интерактивті тапсырмаларды әзірлеу, орыс тілі мұғалімі Тулеубаева Кульжайнат Бекежановна Google Disk-тің көмегімен бірлескен жұмысты ұйымдастыру тәсілдерімен, информатика мұғалімі Абылгазина Эльмира Турагуловна TurboSite қосымшасының көмегімен электрондық оқулықты әзірлеу тәжірибесімен бөлісті. Коучинг барысында гимназия мұғалімдері ұсынған АКТ құралдарын практика жүзінде қолданды. Коучинг соңында Padlet виртуалды тақтасының көмегімен кері байланыс жасалды, коучингқа қатысқан мұғалімдер қажетті құнды мәліметтер алғаның білдірді.
АКТ-ны пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру жолдары