Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Мамандандырылған мектептер арасында ағылшын тілінде дебат
09-02-2023 17:11
Мамандандырылған мектептер арасында ағылшын тілінде дебат
8 ақпан күні гимназияда облыстық мамандандырылған мектеп оқушыларының арасында ағылшын тілінде жолдастық дебат турнирі ұйымдастырылды.

Турнирдың мақсаты: ағылшын тілінде дебат қозғалысының дамуына ықпал ету.

Ойын БПФ форматы бойынша 2 айналымда өтті. Жартылай финалда командалар «Бұл палата көптілді оқыту оқушылардың білім сапасына оң әсерін тигізеді деп есептейді» қарары бойынша, финалға шыққан командалар «Бұл палата балаларды әлеуметтік жағдайы басқа отбасыларға бір жылға алмасуға жібереді» қарары бойынша ойнады. Ойын барысында қатысушылар көзқарастары мен ойларын еркін түрде жеткізіп, өз позициясын қорғай білді.

Тартысты ойын нәтижесінде келесі командалар жеңімпаз атанды:
1-орын Абай атындағы гимназияның командасы
2-орын Қаныш Сәтбаев атындағы гимназия командасы
3-орын «Жас дарын» мектебі мен 3 гимназиясы командасы.
Үздік спикерлер Абай атындағы гимназияның оқушысы Ерболатова Даяна мен Қаныш Сәтбаев гимназиясының оқушысы Амангелді Нұрәділ атанды.

Турнир жеңімпаздары кубок, дипломмен және шағын сыйлықтармен, қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.