Психология апталығының аясында кіші дебат топтарының арасында пікірсайыс болып өтті. Пікірсайыстың мақсаты жас жеткіншектердің шешендік өнерін дамыту, еркін сөйлеп көзқарастарын дәлелдеуге үйрету.
Пікірсайыс БПФ форматында болып өтті. Ойынның қарары: "Бұл палата балаларының төмен бағалары үшін ата-аналарына айыппұл салады".
Пікірсайыстың жеңімпаздары 5 “а”сынып оқушылары Амангелді Назира, Жаналхан Айсұлтан.
Екінші орынды жеңіп алған 6 а сынып оқушылары Алпысбай Айару, Хусман Мухаметали.
Үшінші орын иегерлері 7 сынып оқушылары Қазтай Алижан, Жалешова Данеля және 6 б сынып оқушылары Омарханова Алуа және Мұрат Ерасыл.
Пікірсайыстың үздік спикерлері: Амангелді Назира мен Алпысбай Айару.
Құттықтаймыз! Пікірсайысты ұйымдастырған Н.Шаймарданова.
Кіші дебат топтарының арасында пікірсайыс