Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
"Дарындылар додасы" атты психологиялық марафон
01-03-2023 20:22

6 а, 6 ә, 6б сыныптары арасында "Дарындылар додасы" атты психологиялық марафон өтті.  Марафон барысындағы сайыстар логикалық ойлауды,шығармашылық қиялды, есте сақтау мен зейінді жаттықтыруға, құрбыларымен қарым-қатынасты дамытып, ынтымақтастықты арттыруға бағытталды.  Сонымен қатар көшбасшылар, идея ұсынушылар анықталды.  Балалармен "Логика әлемінде", "Бәйге", "Кім байқағыш", "Қиялшылдар", "Капитандар сайысы", "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" атты сайыстар ұйымдастырылды.
Әділқазылар сайыстың ұпайларын санап, жеңімпаздарды анықтады. *Жеңімпаз командалар мен көшбасшылар дипломлармен, тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Психологиялық марафон жеңімпазы 6 а сыныбы, (сынып жетекшісі Сыздыкова М.К.), “Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар номинациясын” 6 ә сыныбы (сынып жетекшісі Нургалиева Д.А.) "Ақыл жас ұланнан, жүйрік тай-құнаннан "атты номинациямен (сынып жетекшісі Сыздыкова Ғ.Е.) марапатталды.
"Ең үздік көшбасшы"- 6ә сынып оқушысы Аскерқызы Нұрниса, "Тапқыр көшбасшы"- 6 а сынып оқушысы Хусман Мұхаметали, "Белсенді көшбасшы"-6 б сынып оқушысы Бахытбек Ақерке болды. Оқушылар сайыстарға белсенді, көңілді, әрі ынтымақтаса қатысты. Өз өнерлерін де ортаға салды. Психологиялық марафонды ұйымдастырған гимназия психологы Н.Т. Шаймарданова.