Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
География пәнінен облыстық вебинар
11-04-2023 20:05
География пәнінен облыстық вебинар
Гимназия географияны оқытудың ғылыми-әдістемелік орталығының жұмысын жоспар бойынша жалғастыруда. 7.04.2023 күні «География сабақтарын ГАЖ және ЖҚЗ технологияларын қолдану мүмкіндігі» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинарды гимназия директорының ғылым жөніндегі орынбасары Аккентаева К.М. мен педагог-зерттеуші, Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университетінде магистратурада оқып жатқан Альдекенова Анар Толыбаевна жүргізді.
Вебинар барысында география ғылымының кандидаты Ph.D, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті ғалымы Самарханов Қанат Бауыржанұлы ГАЖ және ЖҚЗ технологиялары туралы, оларды қолдану аясы және бұл технологиялардың айырмашылықтары туралы мазмұнда ақпарат берді.
Бұл технологияларды қолдана бастаған бір екі ұстаз өз сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Осы жаңа технологиялар негізінде курстар жүргізіліп, осы бағытта жұмыс істейтін ғалымдармен семинарлар жиі өткізілсе деген ұсыныстар айтылды.