Облыстық жасөспірімдер олимпиадасының жүлдегерлері
14 сәуірде «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Асылхан Альтаир география пәнінен 1 орынға және Атакан Дінмұхамед биология пәнінен 3 орынға ие болды. Жетекшілері Алтын Сериковна және Гүлден Нұрмахамбетовна. Құттықтаймыз! Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!