Жасөспірімдер олимпиадасының жүлдегерлері
28 сәуірде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өткізілді. Олимпиада 7-8 сынып оқушыларына Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша жүргізілді.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан тарихынан Бериков Даниал 2 орын (мұғалімі Устаева А.С), орыс тілі мен әдебиетінен Базарбаева Даяна 3 орын (мұғалімі Ахметова А.М), қазақ тілі мен әдебиетінен Сабиғанова Аружан 3 орын (мұғалімі Айтмаганбетова Б.Ж), ағылшын тілінен Алтаева А. 3орын (мұғалімі Сыздыкова М.К), Айткенова Алуа 3 орын (мұғалімі Конакбаев Е.М) иегері атанды.