Дидактикалық материалдар жинағы 3-сынып
Көбейтуге арналған тапсырмалар
1.Әр торда 5 тотықұстан болса, 2 торда қанша тотықұс болады?
2.Екі үйдің әрқайсысында 9 подъезд бар.Осы 2 үйде барлығы неше подъезд бар?
3.7 жейденің әрқайсысына 2 түймеден қадалды.Жейделердегі барлық түйме қанша?
4.Қоңыздың 6 аяғы бар.3қоңыздың аяғы нешеу?
5.Әжей 5 тәрелкенің әрқайсысына 6 тоқаштан салды.Тәрелкелерге қанша тоқаш салынды?
6.Қорапта 6 қарындаш бар.Осындай 8 қорапта қанша қарындаш болады?
7.Әрқайсысында 4 ойыншық салынған 10 қорап сатып алынды.Борлығы қанша ойыншық алынды?
8.Бір килограмм алма 120 теңге тұрады.2кг алманың құны қанша?
9.Екі литрлік 9 ыдысқа қанша литр тосап құюға болады?
10.Бір жылда 12 ай болатыны белгілі.Ал 3 жылда қанша ай болады?