Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
“ЖасҰлан” әскери-патриоттық сайысы
09-05-2023 15:24
“ЖасҰлан” әскери-патриоттық сайысы

Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға мәлім.Ал Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны – бұл ел қорғаушы ерлерге қойылатын талап. Болашақ Отанқорғаушы отбасы мен мектептің ынтымақтасқан әрекеті нәтижесінде қаланары анық.
Отанқорғаушылар күніне орай 8-10 сынып ұлдары арасында “ЖасҰлан” әскери-патриоттық сайысы ұйымдастырылды. Ұлдарымыз сапта тұру, автоматты жартылай бөлшектеп жинау, нысанаға оқ ату, ұжымда бірлесе әрекет ету, тығырықтан шығу,кедергілерден өту сияқты кезеңдерден өтіп,өздерінің шапшаңдығы мен қырағылығын, батылдығы мен тәртібін көрсете білді. Сайысқа белсене қатысқан 8а ,8ә, 9ә, 10 сынып оқушыларына алғыс білдіреміз.
Жеңімпаздар мақтау қағазымен, тәтті сыйлармен марапатталды. Сайысты ұйымдастырған АӘД пәні мұғалімі Мейрам Джамалбаев.