“Құқығын білген ұтылмас” атты тақырыптық кездесу
Құқық онкүндігі аясында 5-7 сынып оқушыларымен Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Адилхан Бексолтан “Құқығын білген ұтылмас” атты тақырыптық кездесу өткізілді. Кездесу барысында қоғамдық орындардағы тәртіп бұзушылық, қылмыс пен тәртіпбұзушылық үшін жауапкершілік пен ата-анаға салынатын айыппұл туралы түсіндіріп өтті. Жаз мезгіліндегі жол жүру ережесін сақтау, электросамокат, мопед, велосипедте жүру ережесі мен қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығы айтылды. Оқушылар өздерін ойландыратын сауалдарға жауап алды.