READx – тыңдаушыларға, оқушылар мен мұғалімдерге оқыған кітаптарының тың идеяларымен бөлісуге, өздері үшін қажетті дүниелер естуге, және ынталандыратын, кітап оқуды ұнататын белсенді оқырмандардың оқу алаңы!
Мектебімізде READx жобасы өткізілді, жобаға 5 спикер қатысып, олар тыңдаушылармен өздерінің ішкі жан-дүниелеріне, көзқарастарына аса қатты әсер еткен шығармалары мен кітаптары жайында ой бөлісті. 6”ә” сынып оқушыларынан құралған спикерлер жобаға келген тыңдаушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше шабыт сыйлады. Тыңдаушыларға «Оқимын!» және «Ойланамын!» дауыс беру карточкалары таратылып, шара соңында карточкалар арқылы “Үздік спикер” және “Үздік шығарма” анықталды.
Жақсы кітаптар Интернетте отырып, немесе теледидар қарағаннан көрі әлдеқайда көп пайда әкеледі. Шараны ұйымдастырған кітапханашы Г.Женаева, қазақ тілі тілі мұғалімі Д.Нургалиева. Сондықтан, кітап оқыңыз, трендте болыңыз!
READx жобасы