Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
«Өнерлі бала өрге жүзер»
04-06-2013 12:14
«Өнерлі бала өрге жүзер»

Әр баланың бойына біткен ерекше таланты болары анық. Соның бірі-би өнері.  Талантты балаларымыздың би өнеріндегі қабілетін шыңдауда елімізде жыл сайын  түрлі байқау, фестивальдер өткізілуде. Солардың ішіндегі шоқтығы биік  тұрған «Айгөлек» телефестивалі. Жыл сайын Республика бойынша ән,  би өнерінің дарындарын  өз қанатының астына жинап, қабілеттерінің шыңдалуына жол ашады.

Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның «Айгөлек» би тобы да биыл осы телефестивальге қатысып, бақтарын сынауды жөн көрді. 27-30 мамыр аралығында  Алматы қаласында өткен Республикалық «Айгөлек» телефестиваліне  үлкен дайындықпен барған бишілеріміз 2 кезеңнен де сүрінбей өтіп, облыс құрамында барған өнерпаздардың арасынан озып шығып, келесі кезеңге жолдама алды. Бүлдіршіндерімізді  байқауға жоғарғы деңгейде өнер көрсетуге дайындаған, ансамбль жетекшісі Зембаева Динара Ниғматуллақызының еңбегі зор. Бүгінгі күні ансамбль мүшелері қазақ биімен қатар татар, өзбек, түрік, орыс,корей,жастар билерін асқан шеберлікпен орындауда.

Телефестивальде бишілеріміздің өнеріне баға берген  әділқазыларарасында Қазақстан Республикасына танымал әнші Тамара Асар, «қап-қарашка» деген атпен  танымал болған әнші жігітіміз Нұржан Керменбаев, «Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Абраимов және әділқазылар алқасының төрағасы, еліміздің мәдениет қайраткері Тәуіржан Рахат сияқты өнер майталмандары да болды. Әділқазылардың жоғары бағасын алған бишілерді алда келесі 3 кезең күтіп тұр. Қазан айында Алматы қаласында өтетін телефестивальде бүлдіршіндерімізге корей биін орындау тапсырылған екен. Ендеше Айгөлек бишілеріне сәттілік тілей отырып,  өнердің биік шыңынан көріне беріңдер демекпіз.

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Г.Бакирбекова