Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Ата-аналармен тренинг ұйымдастырылды
06-06-2023 14:47
 Ата-аналармен тренинг ұйымдастырылды

Гимназияда 8ә сынып оқушыларының ата-аналарымен тренинг ұйымдастырылды. Тренингтің мақсаты: ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты, түсіністік пен сүйіспеншілікті арттыру, оқу жылын позитивті қорытындылау. Ата-аналар мен балалар “Жұмыла көтерген жүк жеңіл”, “Ең қымбат сэлфи”, “Біздің отбасының құндылықтары” атты психологиялық жаттығулар орындады. Ата-аналар балаларына жылы сөздер айтып, олардың жақсы қасиеттерін атап өтті. Әрбір отбасындағы ерекше мән берілетін құндылықтарға тоқталды. Тренингке қатысушылардың белсенділігі артып, көңіл-күйлері көтерілді. Тренингті өткізген гимназия психологі Н.Т.Шаймарданова мен сынып жетекшісі Б.К.Муканова.