Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Ақсу қаласы мектептері арасында үш тілде Квест ойыны
15-06-2023 16:23
Ақсу қаласы мектептері арасында үш тілде Квест ойыны

Әлемді жаулап алған балалар әдебиетінің эталоны, барлық жастағы балаларға арналған Ж. К. Роулиннің “Гарри Поттер және пәлсапа тас” атты алғашқы жарық көрген кітап әлемге тарап, балалармен қоса ересектердің де сүйікті кітабы болып, жандарын жаулап алды. “Оқуға құштар мектеп” жобасы негізінде осы тамаша шығарма бойынша Ақсу қаласы мектептері арасында үш тілде Квест ойыны ұйымдастырылды. Ойынға Қ. Сәтбаев ат. гимназия, Абай атындағы,Ы. Алтынсарин атындағы және №4,7 жалпы орта білім беретін мектептерден құралған командалар қатысты. Ойын барысында қатысушылар 5 түрлі аялдамалардан шытырман оқиғаларға толы тапсырмаларды орындап Хәрри Поттер әлеміне саяхат жасады. Біліктері мен білімдерін ортаға салған квест ойынының қорытындысы бойынша жүлделі
1 орынға иеленген Абай ат. ЖОБ мектебі, 2 орын 7 мектеп командасы болса,
3 орын 4 мектеп командасына бұйырды.
Гимназия командасы мен Ы.Алтынсарин мектебі командасы арнайы номинацияларға ие болды.Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталып, тәтті сыйлықтарға ие болды. Ойынның өтуіне демеушілік жасаған кәсіподақ ұйымына алғыс білдіреміз.