“Абайлаңыз бала” жедел-алдын алу шаралары аясында оқушылардың жолда жүру ережесін сақтау,электрсамокат құралдарын тебу ережесін түсіндіру мақсатында мамандармен кездесу ұйымдастырылды. Аға лейтенант Дюсембаев Нуржан мен капитан Есболат Данияр оқушыларға 30 тамыздан күшіне енген ”ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ” туралы жаңа заңды түсіндіре отырып, электр самокаттардың қозғалысына қатысты қолданылуы мүмкін шараларға толық тоқталды.
Заңда көрсетілгендей, ең жоғары жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын көлік құралы «электр самокат» деп танылады. Олардың қозғалысы үшін де тиісті орындар айқындалады. Сондай-ақ олардың жүргізушілеріне тиісті шектеулер қойылады.
Шарттар мен ережелерді сақтай отырып:
- электр самокаттардың жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шетімен қозғалуына рұқсат етіледі;
- жүргізуші 16 жасқа толған болуы тиіс;
- көлік құралын басқаруға құқық беретін кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы шарт;
- шлем кию міндетті.
- қараңғы уақытта қозғалу кезінде басқа көлік құралдарының жүргізушілеріне көрінуі үшін жарық түсіретін белгілер орнатылуы қажет.
- тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолымен сағатына 6 километрден аспайтын жылдамдықпен жүру шарт;
Оқушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша мамандардардан нақты жауап ала алды.
“Абайлаңыз бала” жедел-алдын алу шаралары