Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Мектепішілік ата-аналар жиналысы
15-09-2023 18:01
Мектепішілік ата-аналар жиналысы

Жаңа оқу жылының жоспарына сәйкес ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Тақырыбы: ”Баланың қауіпсіз дамуы - мектеп пен ата-ананың жауапкершілігі”
Жиналысқа ата-аналар үлкен жауапкершілікпен қатысты. Жиналыста гимназия басшысы А.Дюсембаев өткен оқу жылына қортынды жасап, оқушылардың қатысқан олимпиада,сайыстарына қатысу нәтижесіне тоқталды. Сондай-ақ жаңа оқу жылының мақсат-міндеттеріне, оқушылардың білім алып, жан-жақты дамуы үшін жасалған жағдайларға тоқталды.
Ал тәрбие жөніндегі орынбасары Г.Бакирбекова оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптарға тоқталып, мектептің ішкі тәртіп ережесін таныстырып өтті. Жаңадан күшіне енген “Жол ережесі” заңына енген толықтырулар мен өзгертулер де ата аналар назарына ұсынылып, электрсамокат, мопед т.б. көліктерді жүргізуге қойылатын талаптар таныстырылды.
Мектеп педагог-психологы Н.Шаймарданова жасөспірімдер арасында белең алып бара жатқан “Буллинг, кибербуллинг” мәселесіне толық тоқталып, ата-аналар ескеретін жайттарды түсіндіріп өтті. Сондай-ақ мектептегі психологиялық қызметтің мақсат, міндеттері де таныстырылды.
Ата-аналарға оқушыларды ыстық тамақпен қамту жағдайы туралы ақпарат беріліп, кейбір мәселелер талқыланды.
5 сынып ата-аналарына педагог-психолог жекелей кеңес беріп, жас ерекшелігіне сәйкес көңіл бөлуге қажет тұстарын айтып өтті.