Қазанның соңғы жексенбісі еңбек күні
Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда орны ерекше, абыройы биік. Халық еңбекке бейім болса, ел ырысқа кенеліп, өзгелермен терезесі теңеліп, байқуатты, бәсекеге қабілетті мемлекет болып нығаяды. Сондықтан айрықша маңызға ие Еңбек күнінің мақсаты осынау құндылықтарды құнттау, еңбекқор азаматтардың беделін көтеру, өнімді еңбек етуге ынталандыру екені сөзсіз.
Гимназиямыздың барлығымыз үшін жылы,әрі жайлы,таза әрі ыңғайлы, жарық болуын күнде қамтамасыз етіп отырған жандарға алғыс білдіреміз. Мерекелеріңіз құтты болсын