Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Қаныш Сәтбаевтың туған жеріне саяхат
16-10-2023 18:32
Қаныш Сәтбаевтың туған жеріне саяхат

Қазіргі кез келген қазақ баласы үшін, барша қазақ халқы, тіпті бүкіл адамзат ұрпағы үшін Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - алыстан бағдар сілтеп жымыңдайтын да тұратын Темірқазық сынды жұлдыз, ол «тұтас дәуірдің жұлдыз тұлғасы».

Осындай ғасыр данасы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы қарсаңында гимназия оқушылары ғалымның туған жеріне саяхаттап, мұражайына барып қайтты.

Мұражай қызметкерлері мол мұрағатқа жиналған ғалымның өмірі мен еңбек жолымен,ұрпақтарының өмірбаянымен таныстырып, мәжіліс залында шағын дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оқушылар ғалымның жеке заттарын, жұмыс құралдарын көріп, мол мұрасынан тағлым алды.

Сондай-ақ С.Торайғыров мұражайымен де танысып, Торайғыр елінің тамаша табиғатында серуендеді.

• Ғалымның өмірбаяны мен еліміздің дамуы үшін жасаған еңбегі мен шығармашылығын зерттеу әлі де жалғасын табады.